2000-2024 жылдар аралығында мектеп-интернатты 224 оқушы «Алтын белгімен» аяқтады. ҰБТ бойынша мектеп түлектерінің орташа балы 110-нан жоғары. Мектеп түлектерінің 90%-ы — мемлекеттік грант иегерлері. Мектеп оқушылары халықаралық, республикалық,облыстық ғылыми жобалар мен білім бәйгелерінің, шығармашылық сайыстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары.