Миссиямыз
"Оқушыларға тез өзгеретін әлемде табысты өмір сүруге, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға және өз елінің нағыз азаматы, патриот болуға мүмкіндік беретін сапалы білім беру»
Лицей-интернаттың тарихы
– 1991 жылы 11 қаңтардағы Ақтөбе облыстық атқару комитетінің №12 шешімі негізінде Ақтөбе облыстық дарынды балалар мектеп-интернаты болып статусын өзгертті.
– 1997 жылы 20 маусымдағы Ақтөбе қалалық маслихатының он жетінші сессиясының № 202 шешімі бойынша, Ақтөбе облыстық дарынды балалар мектеп-интернатына Құсайынов Мақсот Құсайынұлының есімі беріледі.
– 2004 жылғы 30 наурыздағы Ақтөбе облысы әкімінің № 81 бұйрығы негізінде «Мемлекеттік мекемелерді қайта атау» туралы ҚР Заңы бойынша «М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» ММ болып қайта өзгертілді.
– 2014 жылғы 14 сәуірдегі Ақтөбе облысы әкімінің № 106 Қаулысы негізінде «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
– Оқыту тілі – қазақша
Лицей-интернаттың оқу ғимараты 1936 жылы салынып, түрлі мемлекеттік мекемелер орналасқан. 1956 жылы Республикадағы 8 мектеп-интернаттың бірі болып ашылған орта білім беру мектебінде негізінен шалғайдағы малшылар мен ауыл еңбеккерлерінің балалары қазақ-орыс тілдерінде оқыған. 1961 жылы мектеп-интернаттың жатақхана ғимараты салынып, пайдалануға берілді. 1979-1996 жылдар аралығында «ҚР халыққа білім беру саласында еңбек сіңірген қызметкері» Құсайынов Мақсот Құсайынұлы басқарды.
Жалпы ақпарат
Мектептің бағыты: жаратылыстану-математика
Ауысым саны: 1
Апта ішіндегі оқу күндерінің саны: 5
Мектептің салынған уақыты: 1936 жыл
Мектептің ашылған уақыты: 1956 жыл
Мектеп ғимаратының типі: Бейімделген
Мектептің жалпы ауданы: 2271 кв.м.
"Дарын" РҒПО жүйесіне қосылған уақыты: 1991 ж
Интернаттың жалпы ауданы: 3413,9 кв.м
Интернаттағы орын саны: 250
Интернаттың салынған уақыты: 1956 жыл
Соңғы толық жөндеудің уақыты: 2020 жыл
Инфрақұрылым
• 25 класс кабинеті (жаңа модификациялық кабинеттер - 6 (2 физика, 2 химия , 2 биология))
• бейімделген спорт зал (5*17 м)
• «Оқуға құштар» ашық кітапхана;
• «Әбіштану» «Абайтану», «Өлкетану», «Мәңгілік ел» кабинеттері
• "Cooking club"
• "English club"
• психолог кабинеті
* технология кабинеті
* хореография кабинеті
• салтанат залы (80 орын)
• асхана (100 орын)
• спорт алаңы
• «101 атқыштар дивизиясы» және «М.Құсайынов мұражайы»
Кампус
М. Құсайынов лицей-интернаты тиімді оқу үшін тамаша жағдайларды ұсынады. Біз тыныш және қонақжай аймақта ыңғайлы орналасқанбыз. Біздің мектеп балаңыздың ғылыми-зертханалық жаңалықтардан бастап, үлкен спорттық жеңістерге және әсерлі сахналық қойылымдарға дейінгі көптеген қызықты күндерінің куәсы болады.

Біздің жетістіктеріміз

М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей – интернат түлектері
1. Тунгатаров Жақсылық 1961-ж. алғашқы түлек, зейнеткер. ҚР Президентінің әкімшілік қызметінде, т.б. жоғары лауазымдық қызметтерде болған.

2. Ізім Тойған Оспанқызы 1968-ж. Түлек. Қазақ ССР-ің еңбек сіңірген әртісі, профессор.

3. Исмагулов Ұзақбай Шаукерович - Қ.Жұбанов ат.Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, тарих ғылымдарының докторы.

4. Смагулов Асылбек , 1987 ж. түлек. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.

5. Кемалов Мейрамбай , 1987 ж. түлек.

6. Мәмбетов Мейрамбек 1987 ж. түлек «Сагиз Петролеум Компани» бас геологы.

7. Сатаев Орынбасар 1987 ж. түлек. Директор ТОО «Satay Qurulus».

8. Жаманбаева Дина, 1988ж. түлек. Облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры, облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары.

9. Жақыпов Бисен, 1989ж. түлек. ҚР Қорғаныс министрлігі, полковник.

10. Қаратаев Абат, 1989ж.түлек. Облыстық «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі.

11. Мейрамгүл Рахатқызы, 1998 ж. түлек. Облыстық «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі,

12. Карабасова Лаура Чапаевна, 2004ж түлек. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры.
Жаңалықтар
    Серіктестер