Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті.

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар

Еліміздің Тәуелсіздік алған алғашқы күнінен бастап мемлекет Басшымыз бәрімізде тек бір уайым – қазақстан халқының амандығы және бір мақсат – Отанымыздың гүлденуі екендігін әрқашан атап көрсетеді. Бүгінгі таңда халқымыздың бірлігі мен елдегі тұрақтылық арқасында экономикамыз өркендеп, соның салдарынан азаматтарымыздың хал-ахуалы жақсарып келеді.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған және әкімшілік реформалар – мемлекеттік басқару жүйесін жеңілдетуден туындайтын міндеттерге басты назар аударылған. Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді. Содан бері мемлекеттік органдардың бақылау қызметтері қысқарып келеді, олардың жұмыстары бақылауға алынып, айқындығы қамтамасыз етілген, мемлекеттің экономика мен бизнеске араласуы кеміп келеді.


Осының нәтижесінде өзіне мемлекеттік қызметке өту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысуды жинақтаған жаңа орган құрылды. Ел Президентіне тікелей бағынатын орган болып табылатын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекет пен қоғамның мемлекеттік қызметті, кадрлық саясатты жүзеге асырудағы күш-жігерін біріктіреді және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге күш салады.

Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады,өйткені бүгінде азаматтардың мемлекеттік органдармен жасайтын кез келген қарым-қатынасы, бір жағынан, сыбайластықтан құрылған қызмет түрін қабылдаумен байланысты.

Сыбайластық жемқорлықпен күрес мыналардың негізінде жүзеге асырылады:

● заң мен сот алдында бәрі тепе-тең;

● мемлекеттік органдар қызметін нақты құқықтық реттеумен (регламенттеумен) қамтамасыз ету, аталмыш қызметтің заңдылығы мен жариялылығы, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылау жасау;

● жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, ұйымдастыру-басқару жүйелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдылығы;

● жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қайта қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және алдын алу;

● сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылармен күресуге жәрдемдескен азаматтардың жеке қауіпсіздігін және оларды ынталандыруды қамтамасыз ету;

● мемлекеттің мемлекеттік қызметті орындауға уәкілетті және оған теңестірілген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы, аталмыш тұлғалар мен олардың отбасыларының лайықты өмір сүрулері үшін бұл тұлғаларға еңбекақы (ақшалай қолдау) мен жеңілдіктер тағайындау;

● жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтерін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын тұлғалардың өкілеттіктерін делегирлеуді болдырмау, сондай-ақ оларға бақылау мен қадағалау жүргізу.

Осыған орай лицей қабырғасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасалып, бекітіліп жұмыс түрлері жүргізілуде.

Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.

Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаттары мен міндеттері:

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру,оның алдын алу көріністерін азайту.

2.Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрылымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.

3. Оқу-білім үрдісінде оқушылар мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.

Әр мұғалім білуі тиіс:

- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібі;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шығу.

Жаңалықтар
    Серіктестер