Тәрбие жұмысы
Лицей-интернатта тәрбие жұмыстары «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, салауатты өмір салтын ұстанатын, өзін үнемі жетілдіріп отыратын, оқушылардың ерекше қабілеттерін анықтап, дамыту арқылы кез келген мәселені оңтайлы шешуге қабілетті жаһандық тұлғаны қалыптастыру.
Сүйіспеншілік
Кемелдену
Еңбекқорлық
Денсаулық
Эмпатия
Жомарттық
Лицей оқушысы өзінің қалауымен үйірмелерге қатыса алады. Үйірмелер сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. Үйірме жұмыстары оқу жылының алғашқы екі аптасынан соң басталып, оқу жылының соңғы екі аптасынан бұрын аяқталады.
Үйірмелер, секциялар мен клубтар
Лицейімізде «Мектеп-Оқушы-Ата-ана» үштік одағын қолдану арқылы оқушының білім және білік дағдыларын қалыптастыруды көздейтін ата-аналармен жұмыс жіті назарға алынып, түрлі шаралар үздіксіз ұйымдастырылып келеді.
Ата-аналармен жұмыс
Танымдық іс-шаралар
Біздің лицейімізде оқу тәртібін әртараптандыру және қабырғамызда өткізілетін уақытты ұмытылмас етіп өткізу мақсатында үнемі түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Түрлі мәдени-ағартушылық және тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақтың жалпыадамзаттық адамгершілік нормаларын ұғындыруына ықпал етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті.

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Жаңалықтар
    Серіктестер