Лицей жаңалықтары
Лицей іс-шаралары

Cоңғы қоңырау

1 маусым куні М.Құсайынов атындағы Актөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатта «ТҮЛЕК 2023 — Сынғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өтті

Талай қыранды қанаттандырып, талай ұланды ұясынан ұшырган лицей-интернатты биылғы жылы 46 түлек аяқтағалы отыр. Онын ішінде 7 «Алтын белгі» және 7 «Үздік аттестат» үміткерлері, «Елбасы медалы» жобасынын қола медаль иегерлері, республикалық, облыстық пәндік олимпиада жүлдегерлері, Республикалық Абай оқулары, Республикалық Әбіш Кекілбаев оқулары, Мұкағали Мақатаев оқулары, Қанипа Бітібаева олимпиадасынын жүлдегерлері мен спорттық жарыстардын жеңімпаздары бар

Салтанатты шараға ардагер-ұстаздар, ата-аналар комитеті және қамкоршылық кеңес мүшелері, түлектер, ата-аналар қатысты.