Лицей жаңалықтары

Жұмысқа қабылдау

УАҚЫТША БОС ПЕДАГОГ ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС ТУРАЛЫ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ «М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының» КММ Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 Бірлескен бұйрығы, «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» талаптарына сәйкес уақытша бос лауазымға конкурс жариялайды.

№ Бос лауазым атауы Жүктеме (ставка, сағат) Тұрақты/ уақытша Жалақысы

1 Интернат тәрбиешісі 2 бірлік уақытша 144 000тг- 265 000тг

2 Педагог-кәсіби бағдар 1 бірлік Тұрақты 144 000тг- 265 000тг
беруші

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық мамандықты бітіргені туралы құжаттың болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

2025 ж.27 тамыз-5 қыркүйек аралығы. Жұмыс уақыты: 9:00–18:00. Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Қобландин 2.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер хабарландыруда көрсетілген қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жоғарыда көрсетілген мекенжайға әкеліп тапсырады:

1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

12) Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.

Ескерту: Конкурсқа құжаттар қағаз жүзінде қабылданады.
2025-08-27 10:00 Вакансия