Лицей жаңалықтары

Жұмысқа қабылдау

УАҚЫТША БОС ПЕДАГОГ ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС ТУРАЛЫ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ «М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаты» КММ Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 Бірлескен бұйрығы, «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» талаптарына сәйкес уақытша бос лауазымға конкурс жариялайды.

№ Бос лауазым атауы Жүктеме (ставка, сағат) Тұрақты/ уақытша Жалақысы

1 Интернат тәрбиешісі 2 бірлік уақытша 148 000тг- 231 000тг

Негізгі функционалдық міндеттері:

-жатақханада тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;

-тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді;

- білім алушылардың спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесін жүзеге асырады;

-баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, -Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды;

-жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

-ата-аналармен немесе қамқоршылармен байланыс орнатады;

-білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді;

-білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

-еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

-жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

-және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;

-және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

2026 жылғы 06-15 қаңтар аралығы.Жұмыс уақыты: 9:00–18:00.

Мекенжайы: 030002, Ақтөбе қаласы, Қобландин көшесі 2. Тел: 8(7132) 21-10-73, 21-07-13,8-775-056-48-69, qusaiynov@edu.kz

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер хабарландыруда көрсетілген қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жоғарыда көрсетілген мекенжайға әкеліп тапсырады:

1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.

Ескерту: Конкурсқа құжаттар қағаз жүзінде қабылданады.
Вакансия